Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев Қарағанды туралы ән шырқады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев (фотода) өзінің туған қаласы Қарағанды туралы «Шахтерский край, моя Караганда» әнін орындап, «Фейсбуктегі» парақшасына орналастырды, деп хабарлады «Экспресс-К».
None
None

Композиция көпшіліктің көңілінен шықты, оның бұл өнеріне «Жақсы ән, дауыс та керемет!» деп баға берді әлеуметтік желінің пайдаланушылары.

Композиция авторы - Теміртаулық Сергей Сүлейманов. Ол бұл әнді қаланың 75 жылдық мерейтойына арнап шығарыпты.

«Әнді орындауымды көптен сұраған, ақыры келістім», - деді Мұхтар Тінікеев «Новый вестник» газетінде. - Сахнада тұрып ән айтқанда қорқыныш болды. Мұндай сезім өмірімде бұрын болмаған еді. Тамаша ән шырқадым деп айта алмаймын. Сондықтан алдағы уақытта мұндай өтініштерді орындамаймын».

Соңғы жаңалықтар