Мәжілісмен мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік проблемаларын атады

«Мүгедектердің немесе мүгедек болуы мүмкін тұлғалардың жолында кездесетін кедергілерге тоқталсам деймін. Ең бірінші кедергі - акушерлік агрессия. Бұл дені сау баланың дүниеге келуіне әлеуметтік кедергі жасайтын проблемалардың бірі», - деді ол Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, дамуында ауытқуы бар балалардың кешенді қолдаудағы алдын алу шараларының болмауы да мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік проблемаларының бірі болып отыр. Сонымен қатар медициналық модельден әлеуметтік моделге көшуде, инклюзивті білім беруде де кедергілер бар.
«Мүгедектік кемсітушілік фактор бола алмайды және болмауы да тиіс. Бесінші кедергі - сегрегация. Бүгінде психологиялық-неврологиялық ауытқуы бар, ақыл-есі кеміс екі мыңнан астам бала жабық үлгідегі қазыналық кәсіпорында тәрбиеленуде... Алтыншы кедергі - бұл балалардың әлеуметтенуге дайындаудың жоқтығы», - деді Ирина Смирнова.