Мәжілісмендер Алматыда қаңтар қырғынында зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыға жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Айгүл Құспан және Жұлдыз Сүлейменова қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесіп, залалды өтеу бойынша төлемдер мен өтемақыны жеделдетудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зардап шеккен кәсіпорындардың бірі «DasAutoServise» ЖШС. Автосервис иесі Кирил Нагиев 6 жыл бойы автомобильдерді жөндеумен және автобөлшектерді сатумен айналысады және мұнда аталған жерді жалға алады.

Олар орын алған жағдайдан кейін жалақы алмаған.

«Біздің автосервисімізде клиенттердің 9-ға жуық көлігі болды, барлығы өртенді. Олар да тексеруден өтіп, залалды өтеуге өтініш береді. Біз шығын сомасын тек 40 млн теңгеге дәлелдей алдық, өтінім қазір мақұлдау кезеңінде. Барлық құжаттар мен диагностикалық жабдықтардың да жанып кеткеннің салдарынан дәлелдей алмағанымыз қаншама», - деді Кирил Нагиев.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде автосервисте болған автокөлік иелерінің өтініштері электрондық платформада жеке тіркелген, олар қарау барысында.

Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздік барысында 2 көлік ұрланды.

Автосерис ғимаратының өзіне келетін болсақ, қазіргі уақытта ғимараттың қолданыстағы параметрлерін сақтай отырып, қайта құруға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Алайда иесі ЖСҚ және сараптамалық қорытынды үшін қаржылық тұрғыда төлеу мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді.

«Бұл жағдайдың күрделілігі неде, мұнда иесі біреу, бірақ бір бизнес аясында 10-нан астам қосалқы жалға алушы жұмыс істейді. Бұл кейс бойынша бізде түсіністік бар – ең бастысы, кәсіпкерде алдағы жоспардың көрінісі пайда болды. Біз аудан әкімдігімен келіскеніміз бойынша бүгін-ертең иесіне нақты жоспар-кесте ұсынылады: қашан, қай мерзімде, қандай сараптамалар жүргізу керектігінде. Біз де мұны бақылауға аламыз, қалалық қызметтердің жұмысын жеделдететін боламыз», - деді мәжілісмен Айдос Сарым.


Соңғы жаңалықтар