Мәжілісмендер дәстүрлі сенбілікте 200-ден астам көшет отырғызды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы дәстүрлі көктемгі сенбілікке «Нұр Отан», «Ақ жол», ҚХКП саяси партияларының Мәжілістегі фракция мүшелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар, Аппарат қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды parlam.kz.
Бұл жолы парламентшілер «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының маңайындағы көшені абаттандырып, көгалдандырумен айналысты.
Сенбілікке 91 Мәжіліс депутаты, 162 Аппарат қызметкері шықты. Қаланың салтанатына тағы да екі жүздің үстінде қайың мен шырша көшетін отырғызып, жаңа бір аллея жасап, үлес қосты. Бұл ағаштардың көшеті Елбасының бастамасымен құрылған Астана қаласының еуразиялық алаңқайында өсіріліп жатқан жасыл белдеуден әкелінді.