Мәжілісмендер ҚР мен РФ арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылайды

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нурлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Бюро отырысында алда өтетін жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы бекітілді.
None
None

Бұл туралы Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда шығарылмақ.

Сонымен бірге, парламентшілер қарауына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қарулы күштері мүдделерінде әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да ұсынылады.

Халық қалаулыларының назарына ұсынылатын «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы
ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы
сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»
заң жобаларына қорытынды әзірлеу мәселесі де нақтыланатын болады.

Соңғы жаңалықтар