Мәжілісмендер ШҚО-да Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің жобасын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

28 қыркүйектеКомитеттің депутаттары алдын ала бес топқа бөлініп Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандары мен қалаларының (Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Глубокое, Ұлан, Шемонаиха аудандарының) судьялары, прокурорлары, ішкі істер және әділет органдарының қызметкерлерімен, сондай-ақ қоғам өкілдерімен кездесулер өткізді.    

Ал 29 қыркүйекте Өскеменде өткен Комитеттің кеңейтілген отырысына  судьялар, әділет, құқыққорғау органдарының және облыс әкімдігі мен біршама мүдделі орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері,  сонымен қоса, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» ҰКП-ның және басқа да бизнес қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
null

Шараға халық қалаулылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен қоса, «Бірлік» және Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де белсенділік танытты.

Көшпелі отырыстың негізгі тақырыбы ретінде Үкіметтің Мәжіліске ұсынған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске (әзірлеуші - Әділет министрлігі) енгізілген түзетулер талқыланды.

Заң жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында әзірленген.

Аталмыш шара аясында бірқатар мемлекеттік органдардың, оның ішінде  Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен Республикалық адвокаттар коллегиясының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексін құқықтық қолдану туралы тыңдау өткізілді.

Көшпелі отырыстың қорытындысында айтылғандай, талқыланған мәселелер бойынша барлық ұсыныстар мен ескертулер Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің  мүшесі, Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов жетекшілік ететін Заң жобасы бойынша Жұмыс тобында ескерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар