Мәжілісмендер тал-теректер аллеясын жасады

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астаналық Тұран даңғылы тал-теректер аллеясымен көріктене түсті. Оны Астанада өткен сенбілікте Мәжіліс депутаттары қолға алды.

Мәжілісмендер тал-теректер аллеясын жасады

Бұл туралы ҚР Парламентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Парламент өкілдері теректермен қоса, шаған, үйеңкі ағаштарын да отырғызды.

Көшеттер Астанадағы «жасыл белдеу» орман тәлімбағынан арнайы жеткізілді.

Қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға арналған жалпы қалалық сенбілікке Мәжілістегі үш партияның: «Нұр Отан» ХДП, «Ақ жол» ҚДП және ҚХКП мүшелері, сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар қатысты.

Сенбілікке халық қалаулыларымен бірге Парламент Мәжілісінің Аппаратында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер де белсене араласты.

Осы күні Мәжіліс барлығы 200 жас ағаштар отырғызды.