Мәжілісте Адам дамуы туралы Ұлттық Есептің таныстыру рәсімі өтеді

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Ертең, қазанның 27-сі күні Мәжілісте 2009 жыл бойынша Адам дамуы туралы Ұлттық Есепті таныстыру рәсімі өтеді.
None
None

 Онда негізінен «Оқшауланудан теңдікке қарай: Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру» тақырыбы таңдалып алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараны Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес ұйымдастырып отыр.

Басқосуда мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік алуы туралы, сондай-ақ олардың құқықтары қорғалуын арттыру жайлы мәселелер талқыланады деп жоспарлануда. 

Адам дамуы туралы Ұлттық Есепті таныстыру арқылы іс-шараларды ұйымдастырушылар мүгедектер мен олардың отбасыларының проблемаларына назар аудару қажеттігін алға тартып отыр.

Соңғы жаңалықтар