Мәжілісте әділет органдары қызметінің негізгі бағыттарына арналған Үкімет сағаты өтеді
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Наурыздың 16-сы, дүйсенбі күні Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл жолғы Үкімет сағаты «Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары» деген тақырыпты қамтып отыр. Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі Зағипа Балиева баяндама жасайды. Осы мәселе төңірегінде министр депутаттардың сұрақтарына жауап береді.