Мәжілісте алғашқы Үкімет сағаты ветеринариялық қауіпсіздік мәселелеріне арналады

АСТАНА.  14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 17 қыркүйекте Парламент Мәжілісінде ағымдағы сессияның алғашқы Үкімет сағаты өтеді.

Мәжілісте алғашқы Үкімет сағаты ветеринариялық қауіпсіздік мәселелеріне арналады

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Үкімет сағатының тақырыбы «Қазақстан Республикасында ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру». Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі  Асылжан Мамытбеков баяндама жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ, депутаттар аталған мәселеге орай көкейдегі сауалдарды жолдайтын болады.