Мәжілісте әр түрлі соғыстарға қатысушылардың қоғамдық құқықтық мәртебесін айқындауға қатысты мәселе қаралды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл басқосудың негізгі тақырыбы әр түрлі соғыстарға қатысушылардың қоғамдық құқықтық мәртебісін айқындауға қатысты және әлеуметтік қамтамасыз етуді заңнамалық реттеу мәселелерін қамтыды.
Отырыста Алматы қаласындағы жауынгер-интернационалистер ұйымының үйлестіру кеңесінің мүшесі Байкал Хамзин депутаттарға өз ойын жеткізді. «Нұр Отан» ХДП фракция жетекшісінің орынбасары Владимир Нехорошев, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова, сонымен қатар Мәжіліс депутаттары Аманғос Өтегенов, Валерий Доскаловтар өз пікірлерін білдірді.
Осы кездесуге «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің мүшесі, «Ауған және локалды соғыстарының ардагерлері одағы» республикалық ұйымының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нөкетаева, депутат Сауырбай Есжанов қатысты.