Мәжілісте әскери полиция органдары қызметінің өкілеттіктерін кеңейту қаралады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісі «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасын талқылайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаралып отырған заң жобасының мақсаты – Қарулы Күштердегі құқық тәртібін нығайтуға бағытталған әскери полиция органдары қызметінің міндеттері мен өкілеттіктерін кеңейтуге байланысты заңнамалық негіздерін біріздендіру. Комитет осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге әзір», - деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, депутат Айгүл Құспан палатаның жалпы отырысында
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын да талқылайтын болады.
«Заң жобасы әскери полиция органдары туралы заң жобасында қарастырылған нормаларды жүзеге асыруға және олқылықтар мен коллизияларды жою мақсатында әзірленді. Комитет құжат бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді А. Құспан.