Мәжілісте атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасын талқылауға арналған дөңгелек

Мәжілісте атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне қатысты заң  жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді

үстел өтеді (А№312 бөлме, сағат 15-00-де).

Бұл басқосудыҚазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Бас Прокуратура, Жоғарғы Сот және өзге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстанның жетекші ғалымдары, «Policy Advisory Group» кеңес тобының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - аталған заң жобасын таныстыру және талдау.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының атқару өндірісін жетілдіру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріндегі кемшіліктер мен қайшылықтарды жою, сонымен қатар, сот орындаушылары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында олардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланатын болады.