Мәжілісте «Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары және тең мүмкіндіктері туралы» заң жобасы талқыға салынады
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қарашаның 5-і күні Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен өтетін отырыста парламентшілер бастамашылығымен дайындалған «Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары және тең мүмкіндіктері туралы» заң жобасы талқыға салынады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нүкетаеваның айтуынша, аталған заң жобасы әйелдер мен еркектердің әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы, білім беру мен ғылым саласындағы және қоғамдық-саяси өмірдің басқа да салаларындағы теңдігі кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған.