Мәжілісте азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауға қатысты заң жобасының таныстырылымы өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған заң жобасы туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хатшысы Тамара Дүйсенова баяндайтын болады. Жұмыс тобының жетекшісі депутат Светлана Ферхо заң жобасының таныстырылымын Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырып отырғанын жеткізді.Заң жобасының таныстырылымы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нөкетаеваның жетекшілігімен өтетін болды.