Мәжілісте азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсыну жолдарын жақсартуға қатысты Үкімет сағаты өтеді
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қазанның 5-і күні Мәжілісте «Азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсыну жолдарын жақсарту» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.