Мәжілісте бала құқығын қорғауды заңнамалық жетілдіру мәселелері талқыланды

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Ювеналдық әділет саласында заңнаманы жетілдіру» деген тақырыппен дөңгелек үстел өткізді.
None
None

Дөңгелек үстелдің мақсаты халықаралық стандарттарға негіз болатын балалар құқығын қорғау ережелері бойынша ұлттық заңнаманың сәйкестілігін күшейту қажеттілігі болды. Сонымен қатар, бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға байланысты сот әділдігін жіберуге қатысты БҰҰ минималды стандартты ережелері, жапа шеккен балалар мен қылмыс куәгерлерінің қатысуымен байланысты мәселелерге қатысты БҰҰ басты қағидаттары туралы талқылау болды.

Шара аясында Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша жаңа заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, аталған құжат балаларға әлеуметтік психологтар мен педагогтардың қызметін, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға әлеуметтік және психологиялық тексерісін ұсыну, бала өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін себептердің тізімін ұлғайтуды қоса есептеген  прогрессивті ережелер енгізуді көздейді.

Қатысушылар сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі Ольга Пахомкова ұсынған Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодексі жобасында бала құқығын бекіту туралы баяндамасын тыңдады. Ал жиын барысында ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Радослав Жехак Қазақстанда балалар үшін юстицияның дамуы бойынша ЮНИСЕФ көзқарасын баяндап, қылмыстың құрбандары немесе куәсі болған балалардың құқығын қорғау қажеттігін, сондай-ақ, құқық бұзу және қайта қылмыс жасаудың алдын-алу мақсатымен қауіп тобындағы балалар үшін әлеуметтік қызметті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, жиында әділет жүйесінде балалар құқығын қорғау бойынша Францияның тәжірибесі сараланды.

Соңғы жаңалықтар