Мәжілісте балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы заң жобасы қаралады

Онда депутаттар бастамашы болған балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда қарау ұсынылған.
Депутаттық Заң жобасының негізгі міндеті - балаларды физикалық және психикалық денсаулығына, имандылық, рухани, психикалық, әлеуметтік жағынан дамуына зардабын тигізетін ақпараттан, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатігездікті, қоғамға жат және құқық бұзушылық әрекетті насихаттайтын баспа, дыбыс және дыбыс-бейне өнімдерін, электрондық және компьютерлік ойындарды таратудан қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен заңнамалық кепілдіктерін енгізу болып табылады.
Сонымен бірге жалпы отырысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен жұмысты жалғастыруды қарау көзделген.