Мәжілісте бірыңғай экономикалық кеңістікке интеграциялау және экономикалық саясат туралы дөңгелек үстел өтеді

ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 26 қыркүйек күні Парламент Мәжілісінде дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.
None
None

Бұл басқосудың тақырыбы «Бірыңғай экономикалық кеңістікке интеграциялау және әлемдік экономиканың турбуленттігі жағдайында орта мерзімдік экономикалық саясаттың негізгі аспектілері» деп аталады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсовадөңгелек үстелді ашады және жүргізеді.

Осы отырысқа Парламент депутаттарымен қатар бірнеше министрлік пен ведомстоның, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар