Мәжілісте биылғы жылдың алғашқы Үкімет сағаты өтеді

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, қаңтардың 13-інде Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді.

Мәжілісте биылғы жылдың алғашқы Үкімет сағаты өтеді

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ағымдағы жылдың алғашқы Үкімет сағаты «Еліміздегі құқықтық тәртіп жағдайы және ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттары» тақырыбына арналып отыр. Бұл тақырып бойынша депутаттық корпус алдында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар, министр депутаттар тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беретін болады.