Мәжілісте «Босқындар туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, сәуірдің 3-і күні Мәжілісте «Босқындар туралы» заң жобасының тұсаукесері өтеді. Негізгі заң жобасымен бірге кейбір заңдарға енгізілетін түзетулер де таныстырылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шараны Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырады. Аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, депутат Жарасбай Сүлейменовтің айтуынша, заң жобасының таныстырылымында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетовтың сөз сөйлейтіні жоспарланып отыр.