Мәжілісте дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және энергияны үнемдеу мәселесі көтеріледі

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қарашаның 2-сі, дүйсенбі күні, Мәжілісте «Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және энергияны үнемдеу туралы»  тақырыбында Үкімет сағаты өтеді,

Мәжілісте дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және энергияны үнемдеу мәселесі көтеріледі

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Табиғи   монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы  Нұрлан Алдабергенов баяндама жасайды. Сонымен қатар осы мәселе бойынша депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.