15:44, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Мәжілісте денсаулық сақтау жүйесін дамыту тақырыбында Үкімет сағаты өтеді
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, ақпанның 18-інде Мәжілістің отырыс залында Үкімет сағаты өтеді. Басқосу «Денсаулық сақтау жүйесін дамыту: 2012 жылдың қорытындысы және 2013 жылға перспективалар» деген тақырыпта өрбитін болады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Үкімет сағаты барысында баяндаманы ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова жасайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, министр сала мәселелеріне қатысты депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап береді.