Мәжілісте «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді

ТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 8 қыркүйек, бейсенбі күні, Мәжілісте «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Мәжілісте «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да таныстырылады.

Бұл шараны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырып отыр.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сәрпеков жетекшілік жасайды.