16:00, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Мәжілісте энергия үнемдеу мәселесі сөз болмақ
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Ертең, ақпанның 3-інде Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің бастамасымен «Қазақстан Республикасында энергия үнемдеуді дамытудың өзекті мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Энергетика және минералдық ресурстар, Индустрия және сауда минстрліктерінің орынбасарлары, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері қатысады. Басқосу барысында пікірталас өтіп, депутаттардың сұрақтарына жауап берілетін болады.Отырысқа Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ержан Рахметов төрағалық етеді.