Мәжілісте ет-сүт өнімдері мәселелері талқыланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 мамыр - жұма күні Мәжілісте «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перспективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Жиынға Сенат және Мәжіліс депутаттары, жергілікті және орталық атқарушы орган басшылары, «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық қоғамдық ұйым мүшелері, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер, шетелдік және отандық сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Парламенттік тыңдау барысында аталған тақырып төңірегіндегі негізгі сұрақтар, мемлекеттік қолдау, ішкі нарықты жасанды өнімдерден қорғау сынды маңызды мәселелер талқыланбақ.

Шара қорытындысы бойынша Үкіметке ұсынымдар әзірленетін болады.

Соңғы жаңалықтар