Мәжілісте Еуразия мемлекеттерінің фискалдық сарапшыларына арналған семинар өз жұмысын бастады

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Еуразия мемлекеттерінің фискалдық сарапшыларына арналған бесінші Жыл сайынғы семинары өз жұмысын бастады.
None
None
Аталған шараны ҚР Қаржы министрлігі және Халықаралық Салық және инвестиция орталығы (ХСИО) бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Семинар үкіметтік, парламенттік, ғылыми сарапшылармен бірге Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның және Арменияның өнеркәсіп саласындағы салық және экономика мәселелері жөніндегі сарапшыларының да басын қосады. Семинарға сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың өкілдері де қатысады. Шетелдік сарапшылардың құрамына Маастрих университетінің профессоры Сиджберн Кноссен кіреді. Семинар «Экономиканы ынталандырудың салықтық қырлары», «Дағдарысқа қарсы реформалар», «Кең базада тұтынуға салық салудың баламалы үлгілеріне шолу жасау», «Тікелей салық салу мен табыстарды бөлу және трансферттік баға белгілеу» тақырыптары бойынша өтеді. Мәслихаттың қорытындылары бойынша ХСИО «Жыл сайынғы 13- арнайы есебін» шығарады. Ол есепте Қазақстанмен қоса ТМД елдеріндегі инвестициялық режімдер салыстырыла қарастырылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, Еуразия мемлекеттері атсалысқан семинарлар бұдан бұрын Парижде (2008 жыл), Сингапурде (2007 жыл) және Дубайда (2006 және 2005 жылдар) өткізілген болатын.
Соңғы жаңалықтар