Мәжілісте халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі қаралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжілісте «Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«24 қарашада өтетін Парламенттік тыңдауға Мәжіліс басшылығы және Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қатысады деп жоспарланып отыр. Тыңдауға Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың, сондай-ақ сумен жабдықтау және су тарту жүйесі кәсіпорындары өкілдерінің тақырыптық баяндамалары тыңдалады деп қарастырылуда», - делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ отырыста Мәжіліс депутаты, Парламенттік тыңдауды әзірлеу жөніндегі арнайы уақытша комиссиясының жетекшісі - Сәкен Өтебаев баяндама жасайды.
Шараға Парламент өкілдері мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп жоспарланған.