20:37, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Мәжілісте «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы өтеді
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Ертең, ақпанның 25-і күні Мәжілісте «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да таныстырылады.
Осы екі заң жобасының мақсаты туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова баяндама жасайды деп күтілуде.
Аталған заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жарасбай Сүлейменов жетекшілік етеді.