Мәжілісте «Қазақстан - бейбітшілік елі» атты дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, сәуірдің 19-ы күні Парламент Мәжілісінде «Қазақстан - бейбітшілік елі» деген тақырып бойынша дөңгелек үстел өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бағдарламада «Қазақстан - бейбітшілік елі» атты жаңа деректі фильм көрсетіледі.
Дөңгелек үстелде Мәжіліс депутаты Виктор Рогалев «Ядролық қарусыз әлемге жету жолында» деген тақырыпта сөз сөйлемек. Ал Семей сынақ аймағының қасіреттері жайлы депутат Нұртай Сабильянов баяндама жасайды. «Қазақ жерінің дерті» тақырыбында «Азғыр» полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың зардаптары жөнінде парламентші Виктор Киянский өз ойларын ортаға салады. Ал депутат Ержан Рахметов ядролық жарылыстардан зардап шеккендерге қолдау көрсету жөніндегі заңнамалық бастамалар жайлы айтып береді.