Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобы Елбасы тапсырмасының орындалуын талқылады
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы өңірлердегі Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының жұмыстарын жетілдіру мәселесін жүктеген болатын. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Виктор Киянский баяндама жасады. Оның айтуынша, Елбасының еуразиялық интеграция идеясы да бірегей.
«Біздің Президент еуразиялық экономикалық одақ идеясының бастамашысы ғана емес, бүгінгі заманның еуразиялық дамуының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді бірегей инстиуттың авторы. Дәл осы үштұғырлы дүниені біз қашанда айтып жүруге тиіспіз. Өйткені, Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздің ішкі бірлігін білдірсе, Еуразиялық экономикалық одақ бұл біздің еуразиялық кеңістіктегі барлық шекаралық мәселелердегі үндестігімізді білдіреді», - деді депутат В. Киянский.
Бұдан бөлек, Парламенттегі партия фракцияларының бірлескен жұмысы жайында Қазақстан халық коммунистері партиясы Орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыров ұлтаралық саясатының негізгі тетігі туралы әңгімеледі.