Мәжілісте «Қазақстан Республикасында жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығы» атты дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін, желтоқсанның 15-інде Мәжілісте «Қазақстан Республикасында жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығы» атты дөңгелек үстел өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шараны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырып отыр. Дөңгелек үстел аталған комитеттің жетекшісі Рахмет Мұқашевтің кіріспе сөзінен басталады. Бұл жиынға сот және құқық қорғау саласының жетекшілері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылған.