Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды ұстау негізі мен тәртібін бекітуге қатысты құжат бірінші оқылымда мақұлданды

аусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды ұстау негізі мен тәртібін бекіту туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,

Мәжілісте  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды ұстау негізі мен тәртібін бекітуге қатысты құжат бірінші оқылымда мақұлданды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш құжат - қызметі еліміздің заңнамалық актілері негізінде реттелетін уақытша оқшаулау және кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталықтары, медициналық айықтырғыштар мен әкімшілік жауапқа тартылған азаматтарды қамауға арналған орындар, алкаголизм мен нашақорлықтан емдеу мақсатында арнайы емдеу, сауықтыру мекемелерінде қамауда отырған азаматтарды ұстау негізі мен тәртібін заң түрінде бекітуді қарастырады.

Отырыс барысында депутаттар заң жобасына жүйке ауруына шалдыққан азаматтарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізе келе құжатты бірінші оқылымда мақұлдау қажет деп шешті.