Мәжілісте Қазақстандағы азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіруге қатысты Үкімет сағаты өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Желтоқсанның 14-і, дүйсенбі күні, Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»  тақырыбында Үкімет сағаты өтеді,

Мәжілісте Қазақстандағы азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіруге қатысты Үкімет сағаты өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко баяндама жасайды. Сонымен қатар осы мәселе бойынша депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.

Үкімет сағаты Мәжілістің отырыс залында сағат 10-00-де басталады.