Мәжілісте қазақстандық қамтуға қатысты заң жобасының таныстырылымы болады

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат. Ертең, қазанның 22-сі күні, Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді,

Мәжілісте қазақстандық қамтуға қатысты заң жобасының таныстырылымы болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын Үкіметтің бастамасымен Сауда және индустрия министрлігі әзірлеген. Мәжілісте құрылған жұмыс тобының жетекшісі - депутат Мейрам Пішембаев.

Заң жобасы бойынша ҚР Сауда және индустрия министрінің орынбасары Ерхат Есқалиев баяндама жасайды деп күтілуде.