Мәжілісте Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйедегі даму перспективалары сөз болды
АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйедегі даму перспективалары» тақырыбында аппараттық оқу өтті.
Аппарат қызметкерлері алдында ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Гүлжан Қарағұсова баяндама жасады.
Мәжіліс депутаты күн тәртібіндегі тақырып бойынша мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді.