Мәжілісте құқық бұзушылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері дөңгелек үстелде талқыға салынады
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпара. /Айдын Бәймен/ - Ертең, қазанның 27-сі күні Мәжілісте «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобаларына талдау жасалып, талқыға салынады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен өтетін дөңгелек үстелдеосы мәселе күн тәртібіне шығарылып отыр.
Мәжілістің аталған салалық комитеті бұл дөңгелек үстелді ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросымен бірлесе өткізіп отыр.