Мәжілісте құрылыс компанияларын бұғатталатын терезе орнатуға міндеттеу мәселесі қаралады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігі құрылыс компанияларын тұрғын үйлерге бұғатталатын терезе орнатуға міндеттеу ұсынысын қолдайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде вице-министр Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еділ Оспан БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында қазір осы мәселе бойынша үкіметтің қорытындысы әзірленіп жатқанын айтты.
«Шынымен де, Оқу-ағарту министрлігі мұндай ұсынысты қолдайды. Депутаттардан заң жобасы түскен болатын. Ол заңда құрылыс компанияларын тұрғын үйді салған кезде, жобалаған бұғатталатын терезе орнатуға міндеттеу көзделген. Біз оны қолдаймыз. Қазір Үкіметтің қорытындысы әзірленіп жатыр. Осыдан кейін бұл мәселе Мәжіліс қабырғасында қаралады», - деді Еділ Оспан.