Мәжілісте құжаттармен іс жүргізу мемлекеттік тілге көшуде

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат. 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Мәжіліс Аппаратында құжаттармен іс жүргізу мемлекеттік тілге көшуде.
None
None
Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді дамыту мен жүзеге асырудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы мен осы салаға қатысты Мемлекет басшысының шығарған актілеріне сәйкес жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Палатаның Аппараты мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту үшін тілді үйрететін, жаңа технологиялар мен әдістерді енгізетін ұйымдастыру-техникалық шаралар кешенін жасады.Осы мақсатта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті жанындағы Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық ұйымдастыру-әдістемелік орталығының қызметін пайдалану туралы шешім шығарылды.11 ақпанда аталған Орталықтың қолдауымен Мәжіліс Аппаратында мемлекеттік тілдің деңгейін анықтайтын тестілеу бағдарламасының тұсаукесері өтеді деп күтілуде. Ал 12-13 ақпанда қазақ тілін жетік меңгермеген Аппараттың мемлекеттік қызметкерлері алдан-ала сынақ тестінен өткізіледі. Сол арқылы әрбір парламенттік қызметкердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі анықталады. Нәтижесінде мемлекеттік тілді тереңдете білгісі келетіндерге жағдай жасалатын болады.
Соңғы жаңалықтар