Мәжілісте қылмыстық жазаларды атқару жүйесін жетілдіруге қатысты дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, наурыздың 17-сі күні Мәжілісте «Азаматтарды күзетпен ұстау тәртібін және Қазақстан Республикасындағы қылмыстық жазаларды атқару жүйесін жетілдірудің басымдықтары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді,

Мәжілісте қылмыстық жазаларды атқару жүйесін жетілдіруге қатысты дөңгелек үстел өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл шараны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Дөңгелек үстелде күн тәртібіндегі мәселе бойынша Әділет және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері сөз сөйлеп, осы бағыттағы атқарылып жатқан істер жөнінде баяндап береді. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның ғалымдары өздерінің сараптамалық қорытындыларымен таныстырады.