Мәжілісте магистралдық құбырларға байланысты мәселелерді заңнамалық реттеу тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өтеді

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 11 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің ұйымдастыруымен «Магистралдық құбырларға байланысты мәселелерді заңнамалық реттеу» атты «дөңгелек үстел» өтеді.
None
None

Дөңгелек үстелде «Магистралдық құбыр туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистралдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұсаукесерін өткізу және оларды тұжырымдамалық талқылау жоспарланып отыр.

Заң жобаларының ережелерін талқылау үшін Дөңгелек үстелге заң жобасын әзірлеушілер - Мұнай және газ министрлігі мен Қаржы министрлігінің Салық комитеті, сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ғалымдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері шақырылған.

Соңғы жаңалықтар