Мәжілісте мемлекеттік монополия мәселелерін реттеуге қатысты дөңгелек үстел өтеді

Басқосуды Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов ашады деп күтілуде. Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Валерий Доскалов жетекшілік етеді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі тұжырымдамалық мақсаты туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Мәжит Есенбаев баяндама жасайды. Мемлекеттік монополия саласындағы қызметті заңнамалық қамтамасыз ету туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Абай Ескендіров баяндама жасайтыны жоспарланған. Басқа да бірқатар ведомствоның жетекшілері аталған мәселе төңірегінде сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салады.
Бұл шараны ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр.