Мәжілісте мемлекеттік монополия мәселесін реттеуге қатысты заң жобасы жөнінде дөңгелек үстел отырысы өтті

ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты дөңгелек үстел отырысы өтті.
None
None

Аталмыш құжаттың мақсаты - экономикаға мемлекеттің араласуын барынша қысқарту болып табылады. Сонымен қатар заң жобасында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын талап ететін ерекше жағдайларда ғана мемлекеттік монополия енгізу мәселесі көзделген. Яғни қоғамдық тәртіпті сақтау, адам құқықтарын қорғау және халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі мәселелерді ғана мемлекет өз мойнына алады да өзге шаралар кәсіпкерлердің құзырына беріледі. Заң күшіне енетін болса, еліміздің 4 кодексі мен 23 заңына 92 өзгеріс енгізіледі.

Заң жобасы бойынша отырыста баяндаманы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев жасады. Оның айтуынша, талқылауға ұсынылып отырған құжатта мемлекеттік монополия түрлерін қысқарту ұсынылады. Сонымен қатар заң жобасында «Мемлекеттік монополия» деген ұғымға анықтама берілген. Заң талаптарына сәйкес енді тек Үкіметтің шешімі бойынша ғана құрылған кәсіпорын монополия субъектісі бола алады. «Тұтастай алғанда құжатты қабылдау мемлекеттік монополияны реттейтін заңнама нормаларын бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді дәне экономиканы монополияландыру үдерісін төмендетеді»,-деді агенттік төрағасы.

Отырыс барысында заң жобасының жекелеген баптары мен монополия мәселесіне қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Соңғы жаңалықтар