Мәжілісте «Мүдделілік қолдау туралы» заң жобасының таныстырлымы өтті

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мүдделілік қолдау туралы» заң жобасының таныстырлымы болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2008 жылғы қарашаның 6-сында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда жүктеген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Қазіргі уақытта қоғамның мемлекетке әсер етуінің кеңеюі демократияландыру үдерісінің қажетті элементі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда азаматтардың сайлау үдерісіне қатысуымен қатар әсер ету нысандарының бірі заң жобаларын мүдделілік қолдау (лоббизм) болып табылады.

Тоқтала кететін жайт, шет мемлекеттердің тәжірибесінде мүдделілік қолдау институты бұрыннан әрекет етіп, бұл мемлекеттік билікке қоғамдық ықпал етудің жалпыға танылған және қажетті бөлігі деп есептеледі. Мамандардың пайымдауынша, заңдарды мүдделілік қолдау институты халықтың кең тобының бастамасы мен мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді. Азаматтарды, түрлі әлеуметтік топтарды, қоғамдық бірлестіктерді қоғамға қажетті заңдарды әзірлеу үдерісіне тарта түседі. Осыған орай, мүдделілік қолдау туралы заңнаманы қалыптастыру ҚР Конституциясының азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы туралы ережесін дамыта түседі.

Жалпы құжатты қабылдау қоғам мен биліктің өзара іс-қимыл үдерісіне демократиялық және құқықтық сипат беруге септігін тигізеді деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар