Мәжілісте мұнай-газ секторын дамытудың проблемалары мен перспективаларын талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 1 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстандағы мұнай-газ секторын дамытудың проблемалары мен перспективалары» атты тақырыпта парламенттік тыңдау өтеді.
None
None

Палатаның баспасөз қызметінен хабарлағандай, форумға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және Мәжіліс Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының басшысы Дариға Назарбаева қатысады деп күтілуде.

Негізгі баяндамашылар - Энергетика министрі Владимир Школьник, Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов, сондай-ақ Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тимоти Глен Миллер, Қазақстан мұнай-газ және тау-кен салаларының сервистік компаниялар одағының бас директоры Дәуіржан Ауғамбай, «КазНИПИмунайгаз» бас директоры Мұрат Құрбанбаевтың сөз сөйлеуі қарастырылған.

Мәжіліс депутаттары Галина Баймаханова мен Уәлихан Бишімбаев тыңдау тақырыптары бойынша өз ойларын білдіреді.

Бұдан басқа, «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» ЖШС басшысы Шухрат Данбай, «KAZENERGY» қауымдастығының басшысы Әсет Мағауовтың, «Қазақстан Отын қауымдастығы 1» басқармасының төрағасы Болат Әуетаевтың сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданады.

Парламенттік тыңдаудың ұйымдастырушылары Палатаның Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті болып табылады.

Соңғы жаңалықтар