Мәжілісте өкілеттікке жаңа иеленген 3 депутат комитеттер құрамына сайланды

АСТАНА.  26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында өкілеттікке жаңа иеленген 3 депутат палата комитеттерінің құрамына сайланды.

Мәжілісте өкілеттікке жаңа иеленген 3 депутат комитеттер құрамына сайланды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының қаулысына байланысты «Ақ жол» партиясынан Т. Ерғалиев, «Нұр Отан» партиясынан Омархан Өксікбаев пен Серік Үмбетов Мәжіліс депутатының өкілеттігін иеленген болатын. Осыған орай өз өтініштері бойынша Талғат Ерғалиев Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына, О. Өксікбаев Қаржы және бюджет комитетінің құрамына, ал С. Үмбетов Аграрлық мәселелер комитетінің құрамына сайланды.

Тоқтала кететін жәйт, бұған дейін ақжолдық депутат А. Рысқали өз өтініші бойынша, ал нұротандық Ж. Асанов пен Б. Ізмұхамбетов басқа жұмысқа ауысына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатқан болатын.