11:21, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Мәжілісте өңірлерді дамыту мәселесі талқыланады
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Өңірлерді дамытудың заңнамалық қамтамасыз етілуі» деген тақырыппен дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.
Шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр. Осы тақырып аясында басқосуда Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов пен бірқатар Мәжіліс депутаттары баяндама жасайды деп күтілуде.