Мәжілісте парламенттік қызметтің бюджеттік қаржы шығыстарын үнемдеу жөнінде сөз болды

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат. /Айдын Бәймен/ - Мәжіліс Бюросы «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобасын Палатаның талқысына шығару жөніндегі Қаржы және бюджет комитетінің ұсынысын қолдады.
None
None
Бүгін Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілік етуімен өткен Палата Бюросының отырысында осындай шешім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Салалық комитеттердің ұсынысы бойынша Экологиялық кодекске экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бірінші оқылымда талқыға салынатын болды.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге қатысты заңдарға енгізілетін түзетулер де депутаттар талқысына шығарылады.Сонымен бірге алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына бірнеше заң жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынуымен Қазақстан мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасындағы теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді қарастырған және «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыруы жөніндегі ережені бекіту туралы хаттаманы ратификациялау туралы», сол секілді «БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобалары жалпы отырыста талқыға салынбақ.Бюро мүшелері Мәжілісте мақұлданған кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін заң жобасына Сенат енгізген түзетулер бойынша Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мәліметі тыңдалған соң, қос Палата арасында келісім комиссиясын құру туралы ұсыныс жасау жөнінде ортақ шешімге келді.Палатаның заң шығару қызметімен қатар Бюрода депутаттардың халықаралық парламенттік ұйымдардың маңызды іс-шараларына қатысуы туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ парламенттік қызметтің бюджеттік қаржы шығыстарын үнемдеу жөнінде сөз болды.
Соңғы жаңалықтар