Мәжілісте сақтандыру мәселесіне қатысты заң жобасының таныстырылымы өтеді

АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді,

Мәжілісте сақтандыру мәселесіне қатысты заң жобасының таныстырылымы өтеді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараны Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырып отыр. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Сейітсұлтан Әйімбетов.

Заң жобасының негізгі мақсаты сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты реттеуіш талаптарды жетілдіру бойынша іс-шараларды қолданумен сипатталады.

Заң жобасын қабылдау сақтандыру қызметін құқықтық реттеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдаумен сақтандыру туралы және сақтандыру қызметі туралы заңдарды іс жүзінде іске асырумен байланысты бірқатар проблемалар шешіледі. Сондай-ақ азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сақтандыру қорғауының тиісті деңгейін қамтамасыз етуге құқықтық жағдайлар мен алғышарттар жасалады.