Мәжілісте тегін медициналық көмектің кепілді көлемін жетілдіру мәселелері сөз болады
АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілді көлемін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті өз қорытындысын берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы бірінші оқылымда талқылау үшін ертең, қазанның 6-сы күні, Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне шығарылады. Депутаттар алдында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев заң жобасы бойынша заңдарға енгізілетін толықтырулар жөнінде баяндама жасап, сұрақтарға жауап береді деп күтілуде. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Татьяна Яковлева заң жобасына әріптестері енгізген толықтырулар туралы хабарлама жасайды.
Заң жобасының мақсаты - кейбір заңнамалық актілердің жекелеген нормаларын Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне сәйкес келтіру.
Заң жобасын қабылдау денсаулық сақтауды басқарудың тиімді және айқын жүйесін құруға, мемлекеттік нормативтерге сәйкес желіні қайта құрылымдауға, кәсіби менеджмент институтын енгізуге және сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік жасайды деп күтілуде.